Шымкентте пышақ ұстаған ер адам полицейге шабуыл жасады
Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Шымкентте ер адам полицейге пышақ сұғып алды. Оқиға орнынан видеоны Otyrar Telegram арнасы жариялады.
Видеода белгісіз ер адамның оқиға орнынан қашып бара жатқаны және жол бойында жатқан полиция қызметкері көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам тәртіп сақшысын пышақтаған. Қызметкер ауруханаға жеткізілді.
Шымкент қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам ұсталған.
Қылмыстық кодекстің 380-бабы «Билік өкілін қорқыту немесе күш көрсету» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.