Жаңалықтар

Бүгін қызметінен кеткен Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады

gov.kz

"Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін" деді ол

Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымынан босатылуына байланысты пікір білдірді.

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрі лауазымындағы қызметім аяқталды. Бұл менің өмірімдегі өте маңызды кезең болды. Президент пен Үкіметке маған артқан сенімі үшін, сондай-ақ әріптестеріме бірлесе жұмыс істегені үшін алғысымды білдіремін. Отандық туризм мен спортта қолға алған бастамалар алдағы уақытта жалғасын тауып, жемісін береріне сенемін, - деді ол.