Қоғам

ШҚО-дағы шахтада төрт адам қаза тапты

istockphoto.com

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында «Востокцветмет» ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапты, деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кеншілер белгісіз заттан уланып қайтыс болған.

Тағы бір адам Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.