Жаңбыр, қар, аяз: қыркүйек айында ауа райы қандай болады
Қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы жарияланды
Республиканың солтүстігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Сонымен қатар тұман күтіледі.
Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде республиканың батысында ауа температурасы түнде +8+15, күндіз +23+30, республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25, күндіз +28+35 градус жылы болады.
Ал еліміздің солтүстік және орталық облыстарында ауа температурасы түнде +2+10 градусқа дейін төмендейді, үсік болуы да мүмкін, күндіз +8+15 градусқа дейін жылынады.
Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16-дан +2+7 градусқа дейін ауытқиды, екінші онкүндікте аяз болады, ауа температурасы күндіз +12+23-тен +17+25 градусқа дейін сақталады деп күтілуде.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да күндізгі ауа температурасы +22+30-дан +17+23 градусқа дейін ауытқиды деп болжануда.
Ал қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жаууы мүмкін.