Паралимпиада ойындары: Бүгін спортшыларымыз төрт спорт түрінен сайысқа түседі
Пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов, ал 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі
Бүгін Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен жарыс жолына шығады.
Пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов, ал 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.
Сонымен қатар 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.
Пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев, 14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеседі.