Жаңалықтар

Белгілі фототілші Болат Омарәлиев өмірден озды

сурет ашық дереккөзден алынды

Фототілші Болат Омарәлиев қайтыс болды.

Қазақстанның құрметті журналисі, фототілші  Болат Омарәлиев өмірден өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Болат Омарәлиев 76 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Фототілші Болат Омарәлиев 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалы ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастады. 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды. 

Ол Қазақстан фотожурналистикасын дамытуға көп жыл сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды. Ресей, Польша, Украина елдерінде бірнеше рет фотокөрме өткізген.