«Астана» клубы «Челсимен» кездеседі

30 тамыз, 2024 / Өтей Торғайұлы
сурет ашық дереккөзден алынды
«Астана» футбол командасы «Челси» командасын қабылдайды.

Елордалық футбол клубы өз алаңында  «Челси» командасын күтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгін  «Астана» футбол клубының Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды. Команда жаңа форматқа байланысты негізгі кезеңде 6 ойын өткізеді. Оның үшеуі үйде, үшеуі қонақта өтеді.

«Астана» клубы өз алаңында «Челси», «Витория Гимарайнш» және ТСЦ командаларымен кездессе, ал қонақта АПОЭЛ, «Нью-Сейнтс» және «Пафос» командаларына қарсы ойнайды.

Тэгтер:

Астана Футбол Челси