Қоғам

Қызметінен босатылған Азамат Сатыбалды астарлы жазба жариялады

сурет ашық дереккөзден алынды

"Қазақфильм"-нің бұрынғы басшысы әлеуметтік желіде жазба жария етті.

Жақында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының бұрынғы басшысы Азамат Сатыбалды жаңа жазба жариялады, деп хабарлады turkystan.kz

«Жаңадан туған қасқыр балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре. Содан қозғалмай жатып ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда...Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солай», - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Актер «Қазақфильм» президенті қызметінен өткен айдың соңында кеткен болатын.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желіде Қазақфильм басшылығынан кетуіне «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің жалақы дауының қатысы жоқ екенін айтып өткен болатын.