Жаңалықтар

Ақтаулық келіншек түнде көп қабатты үйден құлап кетті

видеодан скриншот

Қазір «өз-өзін өлтіруге итермелеу» бабымен іс қозғалған.

Әлеуметтік желіде ақтаулық келіншектің көп қабатты үйден құлаған сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні болған. Қазір оқиға аумағы қоршалған.

Маңғыстау облысы полициясының баспасөз қызметі аталған факті бойынша «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу жүріп жатыр.