Павлодарда әйелді қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр

30 тамыз, 2024 / Ақбота Әбілтай
istockphoto.com
Жүргізуші жүргіншілер жолағында әйел адамды қағып, өзі оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол-көлік оқиғасы болған жердің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Ролик авторы өзінің әжесін қағып кеткенін айтады, деп жазады turkystan.kz.

«28 тамызда сағат 12:-55-те Баян батыр көшесінде менің әжемді жүргіншілер жолағында қағып кетті»-деп жазылған.

Қаланың Полиция департаменті әйелдің арыз жазбағанын мәлімдеді. Бірақ жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Полиция жүргізушіні анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Факт тіркелді»-деп хабарлады ПД.

 

Тэгтер:

жол-көлік апаты