Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздардың тамыз кеңесінде мәлімдеді.
Түркістан облысында 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген, деп хабарлады turkystan.kz сайты Хабар арнасына сілтеме жасап.
Мұғалімдер санатын көтеруге арналған сертификатты сатып алды деген күдікке ілінген. Істі құзырлы органдар тексеріп жатыр.
Іске қатысты бірқатар лауазымды тұлға мен жауапты қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздардың тамыз кеңесінде мәлімдеді.
Қазір білім саласындағы бухгалтерлік сүйемелдеу жұмысын жүргізетін цифрлық платформа ауыстырылып жатыр. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында 1 353 артық штат анықталған.