Жаңалықтар

«Шалғай жерде жатқан»: 5 ай бойы іздестірілген әйелдің денесі табылды

Istockphoto

Оның денесі бес айдан кейін ауылынан 3-4 шақырым жерде табылды.

Павлодар облысында бес ай бойы іздеген әйелдің денесі табылды. Шалғынды жерді су басып кеткендіктен жоғалған әйелдің мүрдесі көп уақыт бойы табылған жоқ, деп хабарлады turkystan.kz сайты pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, 44 жастағы Жанар Солтан 6 сәуірде Май ауданы Малайсары ауылындағы үйінен шығып кетіп, қайта барар жолды ұмытып кеткен. Оның денесі бес айдан кейін ауылынан 3-4 шақырым жерде табылды.

«Шабындық жерде жұмысшылар шөп жауып жатқан кезде мүрдені тапқан. Біз қанша жерден іздеген болатынбыз. Шалғай жерді су басып, кейіннен шөп өсіп кеткендіктен, іздеу қиынға соқты. Бұған дейін тікұшақты іздеу жұмыстарына жұмылдыруға бірнеше рет сұрау салдық, алайда нәтиже болған жоқ», - деді еріктілер жасағының жетекшісі Екатерина Кудрявцева.