Қостанайда күйеуімен ұрысқан әйел орманға барып, адасып кеткен

30 тамыз, 2024 / Админ
видеодан скриншот
1981 жылы туған келіншек күйеуімен ренжіскен соң, орманға барып, адасып кеткен.

Қостанайлық құтқарушылар Әулиекөл ауданының Бағаналы ауылының маңында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздестіру жұмыстарына Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ұшқышсыз ұшатын аппараттар, иттер мен тікұшақ жұмылдырылған.

Келіншекті №15 өрт бөлімшесінің өрт сөндіруші – құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапқан.

Келіншекке медициналық көмек қажет болмады.

Тэгтер:

Қостанай облысы Орман