Соңында ақша да жоқ, жиһаз да жоқ, деп жазады turkystan.kz.
Ол елді өз сөзіне сендіру үшін келіншегінің атынан жеке кәсіпкерлік ашып, жиһаз жасайтын үй-жайды жалға алып, Instagram желісінде жарнамалық роликтер таратқан.
Басқа біреудің жиһаздарын өзі жасағандай етіп көрсетіп, фотосуреттерін жіберіп, 20 адамды алдап соққан. Тапсырыс берушілердің үйіне барып, өлшем жүргізіп, тапсырыс сомасының 70%-ын алдын-ала алып отырған. 20 адамға келген шығынның жалпы көлемі 8,4 миллион теңге.
Басты сот талқылауында ол жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынас болғанын алға тартып, кінәсін мойындамаған. Дегенмен прокурор оның кінәсін толық дәлелдеді. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.