Жаңалықтар

Дариға Назарбаева Алматыда өткен спорттық іс-шарада қонақ болды

Дариға Назарбаева. Фото: t.me/syrymitkulov

Ол 26 тамызда Алматыда Айсұлтан Рахатты еске алу турнирін тамашалаған.

Қазақстанның бұрынғы президентінің қызы Дариға Назарбаева 26 тамыз күні Алматыда Айсұлтан Рахатты еске алу турнирінде қонақ болған.

Әлеуметтік желіде AR Cup балалар футбол турнирінің жыл сайын өткізілетіні жазылған. Ұйымдастырушылар жарыстың басты мақсаты – жастар арасында отандық футболды дамыту делінген.

Айта кетсек, Айсұлтан Рахат (Назарбаев) – марқұм Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. 2020 жылдың 16 тамызында 29 жастағы Айсұлтан Рахаттың денесі Лондонда табылған болатын. Өлімнің алдын ала себебі – жүрек тоқтауы.