Астанада 31 тамыз күні бірнеше көшенің жолы жабылады
Елордада Saryarqa Run марафонының өтуіне байланысты 31 тамыз күні таңғы сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі.
Әкімдіктің мәліметінше келесі көшелер жабылады:
Бейбітшілік көшесі: Кенесары көшесінен Бөбегбай батыр даңғылына дейін;
Жангельдин көшесі: Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;
Жеңіс даңғылы: Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін;
Сейфуллин көшесі: Бейбітшілік көшесінен Күмісбеков көшесіне дейін;
Күмісбеков көшесі: Жангельдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;
Кенесары көшесі: Күмісбеков көшесінен Әуезов көшесіне дейін.
Ұйымдастырушылар осы өзгерістерді ертерек ескеріп, қаладағы қозғалысыңызды жоспарлауды сұрайды.