Жаңалықтар

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде төбелес болды (ВИДЕО)

lada.kz

Шақырту түскен жерге жеткен полицейлердің жұмысына кедергі жасалған.

Желіде 2 шағын аудандағы «Шамс» мейрамханасында полиция қызметкерлерінің жиналып тұрған бейнежазба тарады, деп хабаралады turkystan.kz сайты lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Кадрлардан мейрамхананың маңында жиналған бір топ полицейдің, арнайы көліктер мен жедел жәрдем көлігін көруге болады. Басылым жазуынша, шақырту түскен жерге жеткен полицейлердің жұмысына кедергі жасалған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мекемеде төбелес болғанын мәлім етті.

«Бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводағылар.

Полиция оқиғаға қатысты басқа мәліметтер жарияламады.