Ақтауда көп қабатты тұрғын үй өртеніп кете жаздады
Оқиға 29 тамыз күні таңғы 06:02-де болған.
10 қабатты Otyrar city тұрғын үй кешенінің қас беті толықтай жанып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт пәтерлерге тарап үлгермеген. Сағат 06:10-да өрт сөндірілді. Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің 60 тұрғыны сыртқа шығып кеткен. Өрт сөндірушілер тағы 15 адамды алып шыққан. Оның 8-і бала.
Әкімдік Otyrar city тұрғын үй кешенін K7 group құрылыс компаниясы қалпына келтіретінін мәлімдеді.