«Сабағы нашарлап кетті»: Роза Әлқожа балаларының оқу үлгерімі жайлы айтты
Әнші Роза Әлқожа ақылы мектептерге көңілі толмайтынын айтты.
Белгілі әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жеке меншік мектептерге көңілі толмайтынын жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші биыл балалары тағы мектеп ауыстыратынын сөз етті. Себебі былтырғы мектеп әншінің көңілінен шықпаған жасырмады.
«Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік, “арзанның сорпасы татымайды” болып қалдық. Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды. Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой. Қой, деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой, ия, бұл ақылы мектептер?! Бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын!», - деді әнші Роза Әлқожа.