«Алаяқтарға алданып қалдым»: Музыкант Бағжан Октябрь ағынан жарылды
Жас музыкант Баяғжан Октябрь алаяқтарға алданып қалған.
Белгілі музыкант Бағжан Октябрь әлеуметтік желіде оқырмандарын онлайн төлем кезінде абай болуға шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы музыкант әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Жақында болған жағдай. Іс-сапарда жүрген кезде банк картамнан ақша шешілгенін байқадым.Бірден бұғаттау шараларын жасадым. Банкке хабарластым. Осыдан бірнеше күн бұрын онлайн төлем жасау үшін картамның барлық мәліметтерін жазғанымды айттым, сөйтсек ол бір алаяқтықпен тіркелген ұйым болып шықты. Оқырмандарыма онлайн төлем жасағанда барынша сақ болуға шақырамын", - деді музыкант Бағжан Октябрь Instagram желісіндегі парақшасында.