Жаңалықтар

Қарағандыда мектеп оқушысы құдыққа құлап кетті

Сурет: istockphoto.com

Көшедегі құдық ашық жатқан.

Баланы құдықтан ТЖМ құтқарушылары шығарып алған, деп хабарлады 

«Бүгін Қарағанды қаласы Ә.Бөкейханов ауданы К. Цеткин көшесі бойында 2014 жылы туған бала абайсызда ашық құдыққа құлап, өздігінен шыға алмады», - делінген хабарламада.

Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарды, оған медициналық көмек қажет болмады.