Кофе ішу қажетсіз дүниелерді сатып алып, ақша шашуға итермелейді – зерттеу
Психологтар кофенің тосын әсері бар екенін айтып, ескерту жасады.
Кофе ішу қосымша сауда жасап, ақша шашуға итермелейді. Британдық Психологиялық Қоғам (BPS) осы айдың басында TikTok-қа күтпеген зерттеу нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды mirror.co.uk.
Психологтар кофенің тосын әсері бар екенін айтып, ескерту жасады. Әсіресе дүкенге барар алдында.
Зерттеуге сүйенсек, кофе тек сергітіп қана қоймайды, сонымен қатар шығынды 50%-ға арттырады, және көбінесе қажетсіз заттарға жұмсауға себеп болады. Бұл кофе ішкенде энергетикалық деңгей жоғарылайтынымен түсіндіріледі.