Жұбайы 9 ай бойы алдаған: «Меломен» тобының әншісі кішкентайлы болды
«Меломен» тобының белді мүшелерінің бірі Қайрат Мырзаханов кішкентайлы болды.
Бұл әншінің бесінші баласы. Жұбайы Шолпан Мырзаханова әлеуметтік желідегі парақшасына перзентханада түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сүйінші! Ресми түрде 5 баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір!»-деп жазды келіншек.
Шолпан жолдасын 9 ай бойы алдап келгенін де айтты.
«Күйеуіме тосынсый жасадым. 9 ай бойы ұл деп айтып келдім. Қайрат, кешірші жаным»-деп жазды.
Талғат Жорабаев пен Аяулым Жорабаева сәбидің кіндік әке-шешесі болған.
Желі қолданушылары сүйікті әншілеріне құтты болсын айтып, сәбиге ақ тілектерін жолдап жатыр.
«Бауы берік болсын», «Ғұмыры ұзақ, салиқалы ұрпақ болсын» дейді көпшілік.