Көкшетауда 9 жастағы қыз асылып қалған

28 тамыз, 2024 / Ақбота Әбілтай
istockphoto.com
Оқиға 26 тамызда болған.

Көп балалы отбасының 9 жастағы қызы өз бөлмесінде асылып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қызының денесін әкесі көріп, өзі ауруханаға апарған. Бірақ кеш, бала аман қалған жоқ. Үшінші сыныпта оқитын қыз бала қазан айында 10 жасқа толатын еді. Баланы өлімге не итермелегені белгісіз»-делінген Nayazakokshe инстаграм парақшасында.

Ақмола облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Басқа ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды»-делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

суицид Көкшетау