Жаңалықтар

Ақтөбеде 10 жастағы қыз бала көлік ішінде өртеніп кетті

istockphoto.com

Қайғылы жағдай 27 тамыз күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты ауылда болған.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Аулада тұрған ВАЗ автокөлігі өзінен-өзі өртеніп кетті. Бұл оқиға көрші үйдегі видеобақылау камералары арқылы расталды. Автокөлік салонында болған 10 жастағы қыз бала көз жұмды. Ата-анасы оқиға орын алған кезде үйде болған. Өрт себептері анықталып жатыр»-деп хабарлады полиция.