Жаңалықтар

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

Istockphoto

28 тамызда Қазақстанның көп өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде: кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді деп болжануда.

Синоптиктердің мәліметінше, 28 тамызда Қазақстанның көп өңірлерінде құбылмалы ауа райы сақталады. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп күтілуде. Оңтүстік және батыс өңірлерде күн ашық әрі жылы болады, бірақ желдің күшеюі мүмкін.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 28 тамызда жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Алматы облысы

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жөғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 28 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Қонаев қ.: 28 тамызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.

Түркістан облысы

Түнде Түркістан облысының солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бкөтерді аудандарында күші 15-20 м/с. 28 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 28 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 28 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 28 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 28 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 28 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 28 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 28 тамызда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысы

28 тамызда түнде Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 28 тамызда түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 28 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 28 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 28 тамызда түнде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

28-30 тамызда Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.