Қоғам

«Өмір сүруге тура келеді»: Сейфуллин Жолбарыстың әйелі елді елеңдетіп қойды

Фото: tiktok.com/katya_vait_kz

Желі қолданушылары өнер адамының отбасылық өмірін талқылап жатыр.

Әлеуметтік желіге күйеуімен түскен фотосын жариялап, астарлы жазба қалдырған Екатерина Жолбарыс елді елең еткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жүрегіңді өз қолыңмен кеудеңнен суырғандайсың. Осындай жағдайда да ары қарай өмір сүруге тура келеді екен», – деп жазды әншінің әйелі.

Күмәнді ойға берілген кей желі қолданушылары әншінің отбасына қатысты түрлі пікір білдірген.

«Ажырасты ма?», «Не болған бұларға?», «Бәрі бітті ма енді», «Қара фото көрсек қорқатын болдық қой», «Әдемі әйелі бар, не жетпейді?», «Сенгім келмейді. Бақытты болыңыздаршы. Жақсы жұпсыздар», «Не болып қалды екен?», «Бір нәрсе болғаны анық» деп жазуда көпшілік.