T-LIFE

Адамның ойын оқитын құлаққап патенттелді

сурет: istockphoto.com

Компания биосигналдарды оқып, оларды өңдейтін датчиктері құлаққаптарды патенттеді.

Apple компаниясы енді адамның ойын оқуға талпынбақ. Компания биосигналдарды оқып, оларды өңдейтін датчиктері бар AirPods құлаққаптарын патенттеді. Бұл туралы appleinsider.ru жазды.

Белсенді электродтар, қызығы, амбушюрларда орналастырылады. Apple патентті суретте көрсеткендей, резеңке тығындаған бөлігінде ондаған шағын «нүктелер» бар. Олар ток өткізгіштігін қамтамасыз етіп, құлақ каналының ішкі бөлігінен ақпаратты оқиды, - деп жазды сайт patentlyapple.com-ға сілтеме жасап.

Бұл жай ғана ыңғайлылық үшін жасалған технология емес – мұндай құлаққаптар арқылы сіздің эмоцияларыңыз бен контентке реакцияңызды бақылауға, сол арқылы жарнамалық алгоритмдерді дәлірек бейімдеу мүмкіндігі пайда болатыны айтылған.