Спорт

Нариман Құрбановтың Президентпен кездесуге неге келмегені белгілі болды

фото: olympic.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасының жүлдегерлерін қабылдады.

Бірақ кездесуде күміс жүлдегер Нариман Құрбанов бой көрсетпеді. Көпшілік мұндай маңызды кездесуге спортшының неге келмей қалғанын сұрап, алаңдаушылық білдірді. Осыған орай Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли спортшының келмей қалу себебін айтты, деп жазады Tengri Sport.

«Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париждегі олимпиада ойындарында жүлде алған спортшыларға мемлекеттік наградаларды тапсырды. Өкінішке орай Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбанов ауырып қалуы себепті салтанатты шараға келе алмады. Оған тезірек жазылып кетуін, биік белестерді бағындыруын тілейміз»-деді Берік Уәли.

Президент пен Олимпиада жүлдегерлерінің кездесуі ертерек өтуі керек болатын. Бірақ кейбір спортшылардан ковид анықталғандықтан, кездесу кейінге қалдырылған еді.