Жаңалықтар

Астанада жаңа әкім тағайындалды

фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астананың Нұра ауданының әкімі болып Ришат Тұрбыбеков тағайындалды.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, turkystan.kz хабарлайды.

«ҚР Президенті әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен, меритократия принципі бойынша 44 жастағы Ришат Тұрдыбеков Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды»-делінген баспасөз хабарламасында.

Ришат Тұрдыбеков еңбек жолын 2001 жылы «Автолизинг Қазақстан» ЖШС компаниясында бастаған. 2005 жылдан бастап Астана қаласының «Алматы» ауданы әкімі аппаратында жұмыс істеген. 2011-2019 жылдары Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ Астананың «Есіл» ауданы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың қыркүйегінен Астананың «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары болды.