Жаңалықтар

Сауда орталығында күзетшілер зағип жігітті ғимараттан шығарып жіберген (ВИДЕО)

скриншот

Аталмыш жағдайға «Москва Метрополитен» сауда орталығының әкімшілігі түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы «Москва Метрополитен» сауда орталығының күзетшілері жолбасшы иті бар зағип жігітті ғимараттан шығармақшы болған видео тарады.

Видео авторы сауда орталығының қызметкерлері жігітке дөрекілік танытып, ғимараттан шығуды талап еткенін айтады.

«Бұл – менің досым. Қызметкерлер мүгедек адамға дөрекі сөйлеп, қарғап, қорлай бастады. Өйткені оның жанында жолбасшы иті бар еді. Бұл ит көп адамдардан қарағанда ақылды. Ит арнайы үйретілген, мұны оның көздерінен көруге болады», – деп жазды ол Instagram желісінде.

Аталмыш жағдайға «Москва Метрополитен» сауда орталығының әкімшілігі түсініктеме берді.

«22.08.2024 сағат 20:50 шамасында сауда орталығына итімен еріп жүрген қонақ кірді. Қонақтар екінші қабатқа көтеріліп, сауда орталығының фуд-кортында тамақтанғалы жатқан. Бірақ басқа келушілер тамақтану орнында иттің болғанына ашулана бастады. Одан әрі күзетшілер сыпайы түрде дауыстарын көтеріп, мән-жайды түсіндірді. Олар басқа келушілерді, оның ішінде кішкентай балаларды қорқытпау үшін итті шығаруды сұрады», – делінген әкімшілік хабарламасында.

Сауда орталығының әкімшілігі де қауіпсіздік қызметкерлерін түсіндіріп, аталған қызметкерлерге қатысты тиісті шара қолданғанын мәлімдеді. Сонымен бірге олар келген адамнан кешірім сұрады.