Ақтөбе облысында қайтыс болған адамдар үй кезегінде тұрған
Марқұм болған 11 адам үй кезегінен алынбаған.
Ақтөбе облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін саралап, баспана кезегін тексерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңірде баспана кезегінде 30 мыңнан астам адам тұр. Оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар, әлеуметтік осал топтағы жандар бар.
«Басқа елді-мекенге тұрақты тұруға көшіп кеткен, баспана алған 100 астам азамат баспана кезегінен шығарылмаған. Одан бөлек қайтыс болған 11 адам баспана кезегінде тұрған»-делінген баспасөз хабарламасында.
Бұл фактілер бойынша прокурорлық бақылау актісі енгізіліп, аталған бұзушылықтар түзетілді.