16 жастағы жасөспірім көлікпен жол ережесін өрескел бұзған (ВИДЕО)
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққаны анықталды. Бұл Тимирязев көшесінің қиылысында болды.
Полиция жедел түрде жүргізуші — 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты анықтады. Оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ.
Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу).
Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.