Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық-моральдық шығын өндірмек
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын өндіру үшін сотқа арыз берді.
Іс материалдары Жоғарғы соттың сайтында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Азаматтық талап-арызда Айтбек Амангелді сотталушыдан материалдық шығын мен моральдық өтемақы өндіруді сұраған. Сомасы нақтыланбаған. Сондай-ақ іс бойынша үшінші тұлғалар ретінде өз ата-анасын тарту туралы арыз берген.
«Іс қозғалғанға дейін тараптар арасында татуластыру процедуралары жүргізілген жоқ. Ол туралы татуластырушы судьяның анықтамасы бар»-делінген іс материалында.
Талап-арызды Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Досжан Жұмабаев қарайтын болады. Сот отырысы 3 қыркүйекте өтеді.