Оңтүстік Корея билігі отбасын құрғандарға 15 мың доллар қаражат төлемек

1 қыркүйек, 2024 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com
Ел осылайша туу көрсеткішін арттыруды көздеп отыр.

Оңтүстік Корея билігі тұрғындарға кездесуге барғаны үшін 360 доллар, ал неке қиғаны үшін 15 мың доллар төлейтін болады. Ел осылайша туу көрсеткішін арттыруды көздеп отыр, деп жазды scmp.com.

Оңтүстік Кореяда туу коэффициенті әлем бойынша ең төмен деңгейде, сондықтан билік қаржылай ынталандыру шараларын қолға алуға шешім қабылдады.

Бұл шаралар әзірше елдің екінші ірі қаласы Пусанның бір ауданында ғана жүзеге асырылатын болады.

Тэгтер:

Оңтүстік Корея туу көрсеткіші ақша Үйлену қаражат үйлену тойы үйлену той демография бала туу туу