Жаңалықтар

«Төсек қатынасы тұрмақ, басқа қатынас та болған емес!»: Жанқош Тұраров шаршағанын айтты

Әлеуметтік желі

Бірнеше күннен бері боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты дау басылар емес.

Боксшы инстаграм парақшасының сторисінде осы әңгіменің бәрінен қатты шаршағанын жеткізді, деп жазады turkystan.kz.

Арызданушымен араларында ешқандай байланыс болмағанын айтады. Тағы бір сторисінен боксшының ашуланып, жаттығып жатқанын көруге болады. 

«Лас, алып-қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес!»-деп жазды спортшы.

Айта кетейік, боксшыны 28 жастағы Әнару Қалдыбекқызы «6 жыл бойы алдап келді, зорлады» деп айыптап, полицияға арыз жазған болатын. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.