Атырау облысындағы ауылда 3 бала суға батып кетті
ТЖД сүңгуірлері әзірге екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды.
Атырау облысындағы ауылда үш бала суға ағып кетті. Бұл туралы өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне хабарлады.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 тамыз сағат 17:25-те Атырау қаласы Береке ауылында 3 баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту түскен.
«Оқиға орнына жеткен кезде 2008 жылы туған ұл балалар белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға батып кеткені анықталды. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18:25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды. Үшінші жасөспірімді іздестіру жұмыстары жалғасады», - делінген хабарламада.
Атырау облысы ТЖД іздестіру жұмыстарына 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылғанын хабарлады. Өңірлік ТЖД қоғаммен байланыс тобы ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.