Рудныйда қазылған шұңқырдан 7 жастағы баланың денесі шығарылды
Оқиға кезінде мердігер ұйымның жұмысшылары орнында болмаған.
26 тамызда Қостанай облысы Рудный қаласында Октябрьдің 50 жылдығы көшесінде құбырларды төсеу үшін қазылған траншеяда 7 жасар балаға топырақ құлап, қайғылы оқиға болды, деп хабарлады turkystan.kz Алауға сілтеме жасап.
Оқиға кезінде мердігер ұйымның жұмысшылары орнында болмаған. Баланың денесін ТЖД құтқарушылары шығарды.
Аталған факт бойынша полиция архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді немесе нормаларды бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады.
Тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Тергеп-тексеру барысы Қостанай облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес ҚК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.