Алматы облысында 9 ай бұрын жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

27 тамыз, 2024 / Дана Ізтілеуова
Скриншот
Былтырдан бері іздестіріліп жатқан әйел аман-есен табылды

Былтыр қараша айында Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әйел 9 айдан кейін аман-есен табылды, деп хабарлайды turkystan.kz Lider.kz еріктілер тобының хабарламасына сілтеме жасап.

Куприянова Анна Александрқызы 1986 жылы 9 қыркүйекте туған. Ол 2023 жылдың 7 қарашасында жоғалып кеткен. Түскі сағат төрттер шамасында Қарасай ауданы, Ұмтыл ауданы, С/Т Приозерное, Озерная көшесі, 51 мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен. Осы уақытқа дейін іздеу жұмыстарынан нәтиже бболмаған. Ол 26 тамыз күні аман-есен табылды.

Тэгтер:

Алматы облсы табылды адам табылды