«Бәрі қуанатын шығар»: Нұргүл Мыңғатова жеке өміріне қатысты жаңалығын жария етті
Отандық киножұлдыз Динара Сәтжанға сұхбат беріп, жақында тұрмысқа шығатынын мәлім етті.
Отандық киножұлдыз Динара Сәтжанға сұхбат беріп, жақында тұрмысқа шығатынын мәлім етті.
«Жеке өмірім туралы көп айта бергім келмейді. Жеке өмір деген - жеке өмір. Қазір жеке өмірімде өзгерістер болайын деп жатыр. Көрмей тұрсыздар ма, бүгін ақ көйлек киіп келдім.
Мен ұзатылып жатсам ұят болар. Сыңсу айтып жылап жатпайтын шығармын. Мен кетсем, бәрі қуанатын шығар. Бірден ақ көйлек киіп, үлкен той жасайын деп отырмыз. Биыл болмай қалса, келесі жылы, әйтеуір бір той болады», - деді актриса.
Өнер иесінің айтуынша, болашақ күйеуі оның шығармашылығына толық түсіністікпен қарайтын адам.
«Біз ақыл тоқтатқанбыз жастамыз. Ол менің түсірілімдеріме, өнеріме, шығармашылығыма қарсылық білдірген емес.
Болашақ жарым өзі шоу бизнес саласына мүлде қатысы жоқ. Қазақтың қарапайым ауылда өскен жігіті. Ол кәсіпкер болып жұмыс істейді», - деді Н. Мыңғатова.