Жаңалықтар

Қазақстан интернет жылдамдығы жағынан ТМД елдерін басып озды

Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД елдерінің көш басына шықты.

Интернет жылдамдығын өлшейтін Speedtest сервисінің рейтингінде еліміз 111 орынның ішінде 56-шы орынға табан тіреген.

Биыл деректерді жолдау жылдамдығы 48.31 Mbps құраған. Ал стационарлық интернет жағынан рейтингіміз төмен. 162 елдің ішінде 94-ші орынға тұрақтаппыз.