Жаңалықтар

Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы сотталды

istockphoto.com

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға төлеуге мәндеттелді.

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және жеке компания өкілі А. Шұбаев сотталды.

Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұлға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.