Жаңалықтар

«Ескерту жасаған»: Астанада кинотеатрға келушілерді ұрып-соққан

istockphoto.com

т үкімі бойынша кінәлілер бұзақылық үшін әрқайсысы 2 жылға бас бостандығын шектелді.

Астанада кинотеатрға келушілерді ұрып-соққан бұзақылар 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Екі адам кинотеатрда өтуге арналмаған орындықты басып өтіп, қасында отырған келушілерды ұрып тастаған.

«Нәтижесінде екі бұзақы қоғамдық тәртіпті бұзып, кинотеатрдың екі келушісін ұрып-соққан. Сараптама қорытындысы бойынша жәбірленушілердің денсаулығына жеңіл зиян келтірілген», – деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Сот үкімі бойынша кінәлілер бұзақылық үшін әрқайсысы 2 жылға бас бостандығын шектелді. Оларға пробациялық бақылау белгіленіп, жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Олардан әрбір жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңге шамасында материалдық және моральдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.