Өзбекстан президенті Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттады
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанның бірнеше азаматын «Дустлик» («Достық») орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Марапатталғандар қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері бар:
Қарин Ерлан Тынымбайұлы – мемлекеттік кеңесші;
Желдібай Руслан Сұлтанұлы – Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі;
Жұманғарин Серік Мақашұлы – вице-премьер;
Балаева Аида Ғалымқызы – мәдениет және ақпарат министрі;
Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы – Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі;
Хашимжанов Икрам Акрамович – Қазақстан Республикасы өзбектерінің этномәдени бірлестігі ассоциациясының төрағасы.
Награда бұл азаматтардың екі ел арасындағы өзара достық пен татулықты, бейбітшілік пен сенімді нығайтуға үлес қосқаны үшін берілген.