Жаңалықтар

Алматыда студенттерге арналған 400 орындық жатақхана ашылды

фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясының студенттеріне арналған «Dorm 32» жаңа жатақханасы ашылды.

400 орынға арналған заманауи жатақханада жайлы өмір сүруге, оқуға және бос уақытты белсенді өткізуге барлық жағдай жасалған. Студенттер үшін екі, төрт және алты орындық бөлмелер бар.

Әр қабатта ас үй, душ, кір жуатын бөлмелер, сонымен қатар маусымдық пайдалануға арналған қоймалар бар. Фитнес залы, макет және оқу бөлмесі толық жабдықталған.