Жаңалықтар

Боксшы Жанқош Тұраров тергеу кезінде заңсыздықтарға жол берген – заңгер

Ғаламтор

Жақында Әнару Қалдыбекқызын зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровқа қатысты тағы бір дерек шықты.

Танымал заңгер Ләззат Ахатова фейсбук желісіндегі парақшасында тергеуде орын алып жатқан жағдайлар туралы жазды. Заңгердің айтуынша боксшы заңсыздықтарға жол берген.

«Дүйсенбі күнгі  баспасөз конференциясында қыз зорлағыш боксер мен жақтастарының не ойластырып жатқанын кім білсін, сұрап білгенімдей, тергеуде заңсыздықтар орын алып жатыр екен.

Біріншіден, 20-тамыз күнгі беттесуге күдікті екі адвокатпен барған. Ал жәбірленушінің қасында ешкім  болмаған. Адвокат алу құқығы туралы түсіндірмеген де. Телефонын алып қалған. Ал ана күдікті мырза тергеу ғимаратына телефонмен кірген, ол аздай, тергеушілермен  бірге тысқа шығып, қайта-қайта бөлек сөйлескен. Әжетханаға барам деп, бірнеше рет сұранған.

Беттестіру хаттамасын жәбірленушіге бермеген. Сараптама қорытындысы шыққасын береміз депті. Бүгін тағы сұраса, тергеуші тағы солай жауап қайтарған. Тараптарға хаттама берілуі тиіс. Және әр тергеу амалын жүргізерде тараптарға (әсіресе жәбірленушіге) құқықтары түсіндірілуі тиіс. Оның бірі де жасалмаған. Соған қарағанда, хаттаманы да бұрмаламақ па, әлде қызды мүлде танымаймын деп, бар бәлені қызға жаппақ па, ниеттері таза емесі анық..

Алматы қаласы, Әуезов аудандық полиция бөлімінде болып жатқан жағдайлар»-дейді Ләззат Ахатова.