Елімізде тағы бір жол ақылы болады

26 тамыз, 2024 / Анель Жарылғасын
t.meqazavtojol
Жолға іргелес ауыл тұрғындары үшін құны 7384-тен 36 920 теңгеге дейінгі айлық абонементтер қарастырылған.

Балқаш қаласынан Тасарал ауылына дейінгі бағыт ақылы болады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ашық НҚА» порталында Көлік министрінің «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Балқаш – Бурылбайтал ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрығының жобасы шықты.

​Құжатқа сәйкес, 91 км жол үшін мынадай тариф белгілеу жоспарлануда:

Басқа ақылы жолдардағыдай, жолға іргелес ауыл тұрғындары үшін құны 7384-тен 36 920 теңгеге дейінгі айлық абонементтер және бағасы 3692-ден 369 200 теңгеге дейінгі жылдық жол жүру ақысы көзделеді.

Тэгтер:

Балқаш Ақылы жол Қазавтожол