Павлодарда ернін үлкейтпек болған әйел косметологты сотқа берген
Тұтынушыға сапасыз қызмет үшін 400 мың теңге өтемақы өтелді.
Тұтынушы наурыз айында Instagram әлеуметтік желісінде ерінді ылғалдандыру бойынша жарнаманы көріп, барып көруді шешеді.
«Дегенмен, косметологтың білікті маман емес екенін білмеген. Тұтынушы сапасыз косметологиялық процедурадан кейін екі апта бойы ерін массажына барады», – делінген хабарламада.
Сот отырысында «косметолог» сол кезде косметология бойынша курс оқығанын және павлодарлықты ерінді үлкейту рәсіміне модель ретінде қабылдағанын түсіндірген. Процедурадан кейін тұтынушы ернінің қышуы, ісінуі және түйіршіктерге шағымданған. Әрі қарай енгізілген препаратты түзету мақсатында тұтынушыға үш рет массаж жасалған. Осыдан кейін «косметолог» тексеріп, препаратты алып тастауды және ерінді түзетуді ұсынған, бірақ тұтынушы ұсыныстан бас тартқан, өйткені ол қызмет нәтижесіне риза болмаған.
12500 теңге сомасындағы қызмет құнының жартысы оған қайтарылды. Осыдан кейін қала тұрғыны филлерді шығару және ерінді түзету бойынша басқа косметологтардың қызметіне жүгінген.
Кейінірек сотта «косметолог» косметологиялық қызметтерді заңсыз жүзеге асырғанын мойындап, бұрын дерматокосметолог маманға сәйкес келуі тиіс талаптар мен стандарттар туралы білмегенін хабарлады. Қазіргі уақытта ол косметологиялық қызмет көрсетпейді және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген.
Тұтынушыға сапасыз қызмет үшін 400 мың теңге өтемақы өтелді.