Қазақстандық жігіт Эльбрус шыңында «Адай» күйін шертті (ВИДЕО)
Асқақ арманын орындауға бекінген әуесқой спортшы домбырамен аты аңызға айналған «Адай» күйін шертіп, Қазақстанның туын желбіретті.
Еуропаның ең биік шыңы әйгілі Эльбрус шыңында «Адай» күйі күмбірледі, деп хабарлады turkystan.kz сайты 24kz телеарнасына сілтеме жасап.
Астаналық Әлібек Қайырбек домбырасын 5642 метр биіктікке арқалап шыққан. 26 жастағы жігіт Эльбрустың басына 1 апта жүріп, жеткенін айты. Асқақ арманын орындауға бекінген әуесқой спортшы домбырамен аты аңызға айналған «Адай» күйін шертіп, Қазақстанның туын желбіретті. Әлібек алпинист қана емес, музыкамен де әуестенеді.
«Домбыраны мұндай биіктікке көтеру оңай емес. Домбыра жеңіл болғандықтан, сынып қалуы мүмкін. Сол себепті 10 сағаттық жолда суықтан сынып қалмасын деп жылы орап, сөмкеге салдым. Біздің киелі домбыраны әлемге паш етіп, таныстырғым келді», - дейді елордалық Әлібек Қайырбек.