Қоғам

Абай облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

ТЖМ

Алдын ала дерек бойынша өртенген аумақ 400 шаршы метрді құраған

Абай облысы Бородулиха ауданында өртенген үйден 34 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 26 тамызда түнгі уақытта Бородулиха ауданындағы жер үйде шыққан.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл келіп жетті. Үйді шарпыған өрт қосалқы ғимарат пен көлікке де жайылып кетті. Алдын ала дерек бойынша өртенген аумақ 400 шаршы метрді құраған», - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай қызыл жалын толықтай ауыздықталды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.